gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

   2026 жылдың 30 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы» байқауы өткізілді.
   Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие мен білім негізінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының инновациялық оқыту тәжірибесін анықтау, үздік педагогикалық идеяларын тарату, қазақ тілін үйрету ісінің сапасын арттыру, қазақ тілін оқыту процесінде пайдаланатын жаңа әдістерді, авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында өткен байқауда Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Полат Жанна Әбдіхалыққызы жүлделі ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.