College Activity Reports
Бүгін, 19.03. 2026 БҚ11-25 және ДТ 9-23 топ студенттері мәдениеттану және философия сабағы аясында Қарағанды қаласындағы Облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты.
Бұл сапардың мақсаты – ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғалардың өмірі мен еңбектерін тереңірек танып-білу.
🔹 Әлімхан Ермеков – Алаш қозғалысының қайраткері, Қазақстандағы тұңғыш математика ғылымының докторы, профессор, сондай-ақ СЖГТК негізін қалаған тарихи тұлға.
🔹 Әлихан Бөкейхан – биыл 160 жылдығы аталып өтіп жатқан ұлт көсемі, мемлекет қайраткері.
Студенттер осы екі біртуар тұлғаның мұралары, архивтік материалдары, өмір жолы туралы тың деректермен танысып, өз зерттеу бағыттары бойынша маңызды мәліметтер жинады.
Осындай сапарлар – жастардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытатын маңызды тәжірибе.

sgtk2020@gmail.com