College Activity Reports
2025 жылдың 22 мамырында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттері бойынша облыс колледждерінің студенттері арасында Worldskills Karaganda -2025 өңірлік кәсіптік шеберлік чемпионатының екінші күні басталды. Әр құзыреттілік бойынша 6 қатысушы бар. Сайыс тапсырмалары 3 модуль бойынша жұмысты қамтиды.
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреті бойынша екінші сайыс күнінің тапсырмасы екі тәуелсіз модульден тұрды: А модулі «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу» және «Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара іс-қимыл».
Күннің бірінші жартысында бас сарапшы А.Т.Баймбетова және бас сарапшының орынбасары Е.В.Изотова қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама беру және жеребе тартудың типтік тәртібін өткізді, соның арқасында 1 модуль бойынша тапсырманың тақырыбы – «Алғашқы көктем гүлдері» анықталды. Содан кейін қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен біріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекетті әзірлеуден тұратын А модулі бойынша тапсырманы орындауға кірісті.
2 сағат ішінде қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекетінің қысқаша мазмұнын әзірледі, мақсаты мен міндеттерін тұжырымдады, тәрбиешінің жұмысына қажетті құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдарды дайындады. Қатысушылар материалдарды таңдаудағы шығармашылық көзқарасты, балалармен қарым-қатынас жасаудағы коммуникативті дағдыларды, презентацияларды жобалаудағы шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ АКТ дағдыларын көрсетті. Түстен кейін «Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара іс-қимыл» В модулі бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымның жобалық паспортын әзірлеу және ұсыну қабілетін көрсетті. Ал, үшінші, соңғы күні алда. Қатысушыларға сәттілік тілейік!
22 мая 2025 года- заключительный конкурсный день Регионального профессионального мастерства среди студентов колледжей области Worldskills Karaganda - 2025 по компетенции «Дошкольное воспитание и обучение». По третьему модулю «Организация мероприятий, направленных на укрепление здоровья и физическое развитие детей дошкольного возраста» участники из 6 колледжей области продемонстрировали свои навыки в работе с детьми дошкольного возраста. Задание 3 модуля -проведение подвижной игры. Цель: демонстрация умения проводить подвижную игру. Основная задача разработка, организация, руководство подвижной игрой с детьми младшего дошкольного возраста всеми конкурсантами была решена успешно.