Новости

    Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде куратордың рөлі ерекше маңызды. Топ кураторлары тек ұйымдастыру жұмыстарымен ғана емес, сонымен қатар студенттердің тұлғалық қалыптасуына, тәрбиесіне, белсенді азамат болып қалыптасуына зор үлес қосуда.  
    Куратор мен студент арасындағы сенім мен ынтымақтастық – сапалы білім мен салауатты тәрбие беру жолындағы басты құрал.  
    Колледжіміздің тәжірибелі кураторлары әр студенттің әлеуетін ашуға, тәртіп пен мәдениетті қалыптастыруға, білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.