College Activity Reports
Колледжіміздің спортшы студенттері Қазақстан чемпионатына жолдама алып, Қарағанды облысының намысын қорғайды.
Саран спортшылары үшін жыл жағымды жаңалықпен басталды. 8 қаңтар күні Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде грек-рим күресінен U-17 жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Бұл дүбірлі додада қаламыздың жас спортшылары өз бағын сынап, қайсар мінез мен жеңіске деген жігерді айқын көрсетті.
Жас балуандарымыз тартысты белдесулерде қарсыластарынан осал емес екенін дәлелдеп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда: 55 кг салмақ дәрежесінде ДТ-9-24 тобының студенті Шакен Мади алтын медаль жеңіп алса, 48 келі салмақта ДТ-9-24 тобының студенті Валеев Ислам мен 60 келіде РТП-9-24 тобының студенті Денкс Токен күміс жүлдеге ие болды. Ал қола медальдарды: 48 келіде ФК-9-24 тобының студенті Константинов Артем, 51 келі арасында Кайрат Кадыржан және 65 келі салмақта Жалгасов Жасулан қанжығасына байлады.
Облыстық чемпионат - Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысы болды. Ол жаққа лицензияны біздің колледждің студенттері - Шакен Мади, Валеев Ислам, Константинов Артем алды. Осы үш спортшы Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғайды.
Жас спортшыларымызды және олардың білікті бапкерлерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы додада да ел үмітін ақтап, биік белестерді бағындырады деген сенім мол. Жеңістеріңіз көп, жолдарыңыз ашық болсын!
https://www.instagram.com/p/DTcyg9GjNRc/?igsh=MzBpMzh2bXhkZnBy

sgtk2020@gmail.com