gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

    Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Кім мықты?» ІV облыстық жарыс өтуде.
   Жан-жақтан жиналған 21 команда мүшелері волейбол, үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан бақтарын сынайтын болады.
   Ашылу салтанатында Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Насимуллин, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы А.Ракишева, «Білім» жергілікті білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Ә.Жамбеисова, Абай Құнанбаев атындағы СЖГТ колледждің директоры А. Темирбулатова құттықтау сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген қатысушыларға сәттілік тіледі.
   Облыстық жарыстың өту барысымен бас төреші Ж.Жаяубаев таныстырды.

   Ауқымды спорттық шараның қорытындысы туралы ақпаратты жуық арада жариялайтын боламыз.