College Activity Reports
Бүгін біздің колледждің 1-курс студенттері колледж кәсіподағының қолдауымен, облысымыздағы Қазақстан тарихындағы ең маңызды еске алу орындарының бірі - КАРЛАГ мемориалдық мұражайына экскурсиялық сапармен барып қайтты.
Экскурсия саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз адамдардың тағдырына байланысты өткеннің қайғылы беттерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді, "халық жауларының" лагердегі тағдыры туралы ауыр да қайғылы мәліметтер келтірілді.
Балалар экскурсоводты мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, әсерлерімен бөлісті.
Мұндай сапарлар өткенге және бүгінгі құндылықтарға саналы көзқараспен қараудың маңызды қадамы болып табылады.