Новости

     Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, қазақстандық патриотизмді дәріптеу, тіл мәдениетін көтеру және көптілді, білімді тұлғаны тәрбиелеу мақсатында 2025 жылғы 29 мамыр күні Саран қаласының Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысқан, Саран қаласының Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» атты байқау өтті.
    Байқау барысында ерекше белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, Арыстанбек Сымбат, Сәбитова Медина , Махаметчина Айдана алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлық табысталды.
    Жүлделі орындарға ие болғандар:
1-орын – Бекіш Інкәр, 70 000 теңге көлеміндегі бас жүлдеге ие болды.
2-орын – Жупенова Аружан, 50 000 теңге ақшалай сыйлық иегері атанды.
3-орын – Бустекбаева Забира, 30 000 теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталды.
     Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл байқау – жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына жол ашатын маңызды іс-шара болды.