College Activity Reports
2026 жылғы 1 маусымда Саран қаласында, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде жазғы лагерьлердің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы жылы лагерь алаңдары қаланың 151 мектеп оқушысын қабылдайды. Бір маусымға ұйымдастырылған лагерь жұмысы үш негізгі бағытты қамтиды: ағылшын тілін үйренуге арналған «LINGUALAND» және қазақ тілін меңгеруге бағытталған «Қазына» лингвистикалық лагерьлері, сондай-ақ «Шуақ» спорттық лагері. Бұл жоба көптілді білім беруді дамыту шеңберінде жүзеге асырылуда. Көптілділік — жаһандық әлемге белсенді интеграцияланатын заманауи, бәсекеге қабілетті қазақстандықтардың жаңа буынын даярлаудың маңызды құралы болып табылады.

Лагерьдің басты міндеті мен ерекшелігі — пайдалы істі жағымды демалыспен ұштастыру. Оның мақсаты балаларды еркін жағдайда қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлеуге ынталандыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ спорттық отряд базасында салауатты өмір салтын насихаттау. Колледж педагогтары әр баланың жетістігін жіті қадағалап, олардың білімге деген ұмтылысын қолдап отырады. Соның арқасында балаларда пәнге немесе мұғалімге деген қорқыныш туындамайды, олар жаңа білімді жеңіл әрі ықыласпен үйренеді.
Сонымен қатар, бұл жоба студенттер үшін де маңызды практика алаңына айналып отыр, өйткені тілдік қарым-қатынасты тек мектеп оқушылары ғана емес, колледж студенттері де жетілдіре алады.
sgtk2020@gmail.com