gallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pptxgallery/отчет 2025-2026 1 семестр.pdf


College Activity Reports

Новости

    28-29 сәуір күні Enactus Kazakhstan National Ехро- 2026 ұлттық кубогы Алматы қаласында  ерекше қарқынмен өтті, жаңа мүмкіндіктер мен батыл бастамаларға толы болды. Бұл күні финал кезеңі ұйымдастырылды. Инновациялық жобалар көрмесі жалғасып, қатысушылар өз идеяларын таныстырып, серіктестік байланыстарын нығайтты.
    Салтанатты ашылудан кейін VII Республикалық мектеп окушылары арасындағы кәсіпкерлік чемпионатының және колледж студенттері арасындағы III кәсіпкерлік кубогының  финалистері жарияланды. Одан кейін Early Stage League және World Cup League аясында финалдық қорғаулар өтіп, командалар өз жобаларын жоғары деңгейде ұсынды.

  
    Сонымен қатар, колледж студенттері арасындаты III кәсіпкерлік кубогынын финалы және Early Stage League финалы өтіп, шараның шарықтау шегіне айналды. Қорытындысында, біздің команда TOP 5 Enactus College Team қатарына еніп, President ceo Enactus Kazakstan атынан «Saran jastary» командасын қолдап, Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігінің дамуына елеулі ықпал етуіне байланысты еdvaizer Маженова Салтанат Садуақасқызы Алғыс хатпен марапатталды.

    Алда бізді жаңа идеялар, үлкен жоспарлар және жарқын жетістіктер күтіп тұр. «Saran jastary» — бұл тек команда емес, бұл өзгеріс жасауға ұмтылған жастар қозғалысы! Бізге қолдау білдірген барша жанға алғысымыз шексіз!