«WorldSkills Karaganda - 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты марапаттау рәсімі

      22 мамыр күні «WorldSkills Karaganda - 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биыл чемпионатқа 45 мамандық бойынша Қарағанды облысы колледждерінің 300-ден астам студенті өз шеберліктерін көрсетті.
     Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің жеңімпаздарын және жетекшілерін жүлделі орындармен құттықтаймыз!
     І орын «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша БМ-9-20 тобының студенті Шәріп Дамира, жетекшісі Маженова Салтанат Садвакасовна, бас эксперт Зейнетоллина Үміт Көбестаевна, техникалық эксперт Тотаева Алия Талгатовна.
     ІІ орын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша МД-9-20 тобының студенті Әмірғалы Айсұлу, жетекшісі Баймбетова Алтын Тельмановна, бас эксперт Федулова Валентина Петровна, техникалық эксперт Кенжетаева Диана Талғатқызы.
     ІІІ орын «Компьютерлік ойындар үшін 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша ПВТ-9-21 тобының студенті Фомичев Владимир, жетекшісі Коломоец Денис Леонидович.
     ІІІ орын «Зертханалық және химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша Тимошин Вячеслав, жетекшісі Давыдова Татьяна Николаевна.


WhatsApp Image 2023-05-23 at 161829 1jpegWhatsApp Image 2023-05-23 at 161832 1jpegWhatsApp Image 2023-05-23 at 161831jpegWhatsApp Image 2023-05-23 at 161831 1jpegWhatsApp Image 2023-05-23 at 161829jpegWhatsApp Image 2023-05-23 at 161830 1jpegWhatsApp Image 2023-05-23 at 161830jpeg