Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы

      2023 жылдың 20 қаңтарында облыстық педагогикалық пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің базасында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсын өткізді.

       Конкурстың мақсаты педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, байқауға қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу болып табылады.

      Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті. Байқауға 6 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

      Арнайы пәндер педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша:

1 орын - «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК педагогика пәнінің оқытушысы Жумкина Дидар Боранкуловна;

2 орын - «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Толегенова Индира Каиржановна.

       Жалпы білім беретін пәндер педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша:

1 орын - «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК ағылшын тілі оқытушысы Седова Анастасия Викторовна;

2 орын - «Қарағанды «Болашақ» жоғары колледжі» ЖММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кабылова Меруерт Блялкызы.

       Өңірлік деңгейде 1 орын алған жеңімпаздар педагогикалық сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

       Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.


      20 января 2023 года в рамках работы Областного методического объединения преподавателей педагогических дисциплин на базе Саранского высшего гуманитарно-технического колледжа имени Абая Кунанбаева, при координации Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области прошел региональный конкурс профессионального мастерства среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования по педагогической отрасли.

        Целью конкурса является повышение статуса профессии преподавателя педагогических специальностей и общеобразовательных дисциплин, представление и популяризация педагогического опыта участников конкурса.

        Конкурс проходил в несколько этапов, на каждом из которых участники демонстрировали теоретическую и практическую подготовку, а так же профессиональные умения. В конкурсе приняли участие 6 педагогов. Все участники были критериально оценены независимым жюри. По итогам были определены победители.

         По педагогической отрасли среди педагогов специальных дисциплин:

1 место - Жумкина Дидар Боранкуловна, преподаватель педагогических дисциплин КГКП «Карагандинский высший гуманитарный колледж»;

2 место - Толегенова Индира Каиржановна, преподаватель педагогики и психологии КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж».

         По педагогической отрасли среди педагогов общеобразовательных дисциплин:

1 место - Седова Анастасия Викторовна, преподаватель английского языка КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж»;

2 место - Кабылова Меруерт Блялкызы, преподаватель казахского языка и литературы ЧУ «Карагандинский высший колледж «Болашак».

        Победители, занявшие 1 места на региональном уровне, имеют право принять участие в Республиканском конкурсе профессионального мастерства среди педагогов организаций технического и профессионального, послесреднего образования по педагогической отрасли.

        Победители награждены дипломами, участники сертификатами Учебно-методического центра развития образования Карагандинской области.


2jpg

3jpg

4jpg

5jpg