Сауалнама нәтижелері
2022 жылғы 26 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында " Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК-да "Таза сессия" акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне "Нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, белсенді азаматтық ұстаным таныту.
Акция барысында онлайн сауалнама жүргізілді, онда мемлекеттік тілде - 160 және орыс тілінде – 150 респондент қатысты. Сауалнама онлайн форматта жүргізілді, студенттерден жастардың сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысуға дайындығы мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнамаға белсенді қатысуды сұрады. Содан басқа сауалнамадан өту кезінде шынайы және объективті жауап беріңіз деп сұранды.
Социологиялық сауалнама екі блоктан тұрды:
1. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі.
Сұрақтар: айтыңызшы, сіз "сыбайлас жемқорлық" ұғымын қалай қабылдайсыз? Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қалай қарайсыз? Сіздің оқу орныңыздағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз? Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық қалай көрінеді? Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың себептерін атаңыз?
2. Сыбайлас жемқорлық тәжірибесі.
Сұрақтар: сіз білім беру мекемесінде сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба? Сыбайлас жемқорлық жағдайын кім бастады? Делдал ретінде кім әрекет етті? Сіз мәселені шешудің бейресми тәртібіне келдіңіз бе? Сізді бұған не итермеледі? Сыбайлас жемқорлық мәмілесінің қорытындысы бойынша сыйақы қандай болды? Сіз бейресми мәміленің нәтижесіне риза болдыңыз ба? Пара беруден бас тартқаннан кейін Сіздің сұрағыңыз шешілді ме? Сыйақы сомасын көрсетіңіз.
Барлық жауаптар бірыңғай базаға жиналды және статистикалық үлестіру түрінде жалпыланған түрде пысықталды. Сауалнамаға қатысушылардың барлығы осы оқу орнында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тап болмағанын және өздері бастамашы болмағанын айтты.
"Саналы ұрпақ" клубының жетекшісі
Маженолва С.С.

