Білім күніне арналған салтанатты жиын
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!
Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.
Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз.
Бүгін колледжімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынның басты кейіпкерлері, 100-жылдық тарихы бар киелі колледжіміздің табалдырығын алғаш аттаған 1-курс студенттері болды. Сондай-ақ, салтанатты жиынның құрметті қонағы ретінде, колледжімізде еңбек жолын өткізген білім беру саласының ардагер ұстазы - Жүсіпбекова Гүлжан Жүсіпбекқызы қатысты.
Алғашқы сөзді колледж директоры В.А.Закамолкин сөйледі. Ол студентерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, тамаша көңіл-күй, оқуда табыстар және жаңа спорттық жеңістер тіледі. Сонымен қатар, білім беру саласының ардагер ұстазы Жүсіпбекова Гүлжан Жүсіпбекқызы сөз сөйлеп, студенттерге өзінің жылы лебізін жеткізді. Білім күніне арналған бұл жиында колледжіміздің ұстаздары мен студенттері салған әндер салтанатты жиынның шырайын келтірді.
Салтанатты жиыннан кейін, колледждің акт залында 1-курс студенттерімен Конституция күніне және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 100 жылдығына арналған "Білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге ұмтылу" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Сонымен қатар, 2-3 курс топтарында да аталмыш тақырыпта сынып сағаттары өтті.
Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Академия табалдырығын алғаш аттаған студенттерге сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!
https://www.instagram.com/p/Ch9EZmusToH/?utm_source=ig_web_copy_linkhttps://www.instagram.com/reel/Ch8yLKCoQBW/?utm_source=ig_web_copy_link



