Білім күніне арналған алғашқы қонырау мерекесі

      Күздің алғашқы жаймашуақ күнінде мыңдаған мектеп оқушылары, оқытушылар мен студенттер Білім күнін тойлауға алғашқы қонырау мерекесіне асығуда.

      Бұл мейрам біздің көңілімізде ең жарқын, ыстық сезімдерді туғызады, себебі біз барлығымыз мектеп жайында жарқын сезімімізді жүрегіміздің бір түпкіріне сақтап, мектептің балалық шағынан шықтық.

     Бүгін сіздерге бір ғасырға жуық тарихы бар облысымыздың беделді оқу орны - Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі білім есігін алғашқы рет ашып отыр. Тағылымы мол білім ордасында сіздерді білім, жаңа достар, қызықты студенттік сәттер күтуде.

      Салтанатты жиынға колледжіміздің ұжымы мен студенттерін құттықтауға қаламыздың құрметті қонақтары Саран қалалық мәслихатының төрағасы Баймаганбетов О.З., Саран қаласы әкімінің орынбасары Бейскеев С.Ж., Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Бақтыбаев А.Б., ішкі саясат бөлімінің басшасы Туртбаева Г.А., білім беру саласының ардагер ұстазы, Саран қаласының аналар кеңесінің төрағасы Жүсіпбекова Г. Ж. келді.

      Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің жаңа тағайындалған директоры Темирбулатова А.А. колледж ұжымы мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Колледж жаңа студенттерімізді бір шаңырақ астында қабылдауға дайын екендігін айтып, білім алушыларды бар ынтамен білім алуға шақырып, ұстаздарға жұмыстарына табыс, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 13jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 15jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 6jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 7jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 14jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 19jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 20jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 16jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 17jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 18jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 11jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 10jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 9jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 8jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 12jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 1jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 5jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 4jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 3jpegWhatsApp Image 2023-09-04 at 160513 2jpeg