Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.

    2022 жылдың 22 желтоқсанында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.

     Салтанатты іс-шара Саран қаласының мәдениет үйінде өтті. Қонақтар ретінде Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабдановна, Саран қаласы әкімінің орынбасараы Оспанов Ералы Серикович, Саран қалалық мәслихатының хатшысы Баймағанбетов Өміржан Зейнешович, Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының директорлар кеңесі, Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы, Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Бақтыбаев Арман Болатұлы, Саран қаласы кәсіпкерлік палатасының басшысы Махмутов Е.А, әлеуметтік серіктестер қатысты.

      Мерейтойға орай ардагер педагогтарға мерейтойлық медальдар табыс етілді, колледж оқытушылары мемлекеттік наградалармен, Оқу-ағарту министрлігінің, Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды облысы әкімінің, Саран қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

     5 студентке колледж басшысы В.А. Закамолкин атынан атаулы шәкіртақы берілді, 6 студентке Күлжан Жүнісқызы, Әсет Болғанбаев, Қабдырахман Әбікенұлы атындағы атаулы шәкіртақы берілді.

     Мерекелік концертке халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары атанған түлектер, сондай-ақ колледж студенттері қатысты.

    Колледжді Қали Байжанов атындағы облыстық концерт бірлестігінің әншілері құттықтады.


      22 декабря Саранский высший гуманитарно- технический колледж имени Абая Кунанбаева отметил столетний юбилей. Торжественное мероприятие, посвященное вековой истории старейшего учебного заведения Республики Казахстан, прошло в Доме культуры города Сарани.
       Почетными гостями данного мероприятия стали начальник Управления образования Карагандинской области Кожахметова Гулсим Шабдановна, секретарь Саранского городского маслихаа Баймаганбетов Омиржан Зейнешович, Совет директоров колледжей области, заведующий ОблОО Әшім Е.М., заведующий ГорОО г.Сарани Бектыбаев А.Б., директор шинного завода «Каматайерс» Смышляев А.В. Поздравительные адреса Министерства просвещения, Управления образования, социальных партнеров, Совета директоров колледжей Карагандинской области были вручены администрации колледжа. В честь юбилея ветеранам- преподавателям и гостям праздника были вручены памятные юбилейные медали.
      Студентам- отличникам учебы, победителям сорнвований, участникам Республиканских и областных конкурсов было вручено 11 именных стипендий: имени К. Жунусовой, К.Абикенова, Ә.Балгамбаевой и именные стипендии директора СВГТК Закамолкина В.А. В праздничном концерте приняли участие артисты Областного концертного объединения имени Байжанова, Народноө хореаграфический коллектив «Музиквелле» и «Танцующая длина», хореаграфический ансамбль «Назерке».

WhatsApp Image 2022-12-23 at 081125jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 081126jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 081125 1jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 081123 1jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 081123jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 081124 1jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 145818 2jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 145818jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 145819jpegWhatsApp Image 2022-12-23 at 145819 1jpeg