Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы өтті.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-әрекет жасау мақсатында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасын өткізудің республикалық тұжырымдамасына негізделіп Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінде 2022 жылдың 15 қарашасында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараға «Саран қаласының жұмыспен қамту орталығы», қала мектептері мен балабақшаларының басшылары және педагогтары, мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Іс-шарада кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары, колледжге экскурсия жүргізілді. Кәсіпорындар мен жетекші ұйымдардың жұмыс тәжірибесі диалогтық алаңда талқыланды. Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау туралы келіссөздері, бітіруші топ студенттерімен жеке әңгімелесулер, тернингтер, сұхбат, шебер-сыныптар өткізілді. Серіктес кәсіпорындармен меморандум, келісім шарттар жасалды. «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы серіктестікте жұмыс жасайтын жұмыс берушілерді ҚР Оқу-ағарту министрілігінің алғыс хаттарымен, жергілікті органдардың алғыс хаттарымен марапаттаумен аяқталды.