Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

     Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінде колледж студенттері арасында кәсіби шеберліктің «WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионаты басталып, чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті. Конкурсты Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының ТжКБ білім беру ұйымдарының құзырет орталықтары және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі бірлесе отырып ұйымдастыруда. Бұл конкурста "Бастауыш сыныптарда оқыту" және "Мектепке дейінгі тәрбие" құзіреттілігі бойынша бақ сынасуда.

     Конкурстың мақсаты кәсіби кадрларды даярлау сапасын және мамандық құзыреттілігінің беделін арттыру, кәсіби құзыреттіліктің ең жоғары деңгейі бар қатысушыны анықтау болып табылады. Жұмыс берушілердің назарын білікті мамандарды даярлау сапасына және колледж проблемаларына аудару, оқытудың жаңа технологиялары саласындағы ойлау қызметін жандандыру, "World Skills Kazakhstan (WSK) республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу қағидалары мен регламентіне"сәйкес кәсіби конкурстың жаңа идеяларын, ұйымдастыру нысандары мен мазмұнын пайдалану конкурстың басты мақсаттары болып табылады.