Новости

    Бүгін «Жігер» студенттік Парламентінің ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны-2024» сайысы өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
І кезең «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру;
ІІ кезең «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету: ән, би, музыкалық аспапта ойнау, монолог, өлен, жыр оқу және т.б.); ІІІ кезең«Бар ізгілік тек білімнен алынар». Қазақтың тарихынан, әдебиетінен, салт-дәстүрлерінен, ұлттық спорт ойындары жайлы түрлі сұрақтарға жауап беру.
    Сайыс нәтижесінде «Дарынды жігіт» номинациясымен Айтпайұлы Шынболат БДТ-11-23  тобы; «Алғыр жігіт» номинациясымен Нұрхан Нұрасхан ДТ-9-23 тобы; 3 орынмен Таттанбек Жанабек ДТ-9-21 тобы; 2 орынмен Болатбек Ерасыл ДТ-9-22 тобы; жүлделі 1 орынмен Ерғали Мейірбек ҚТӘ-9-21 тобы марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!