Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

     Шахтинск технологиялық колледжінің 60 жылдығы аясында 17-18.04.2024 ж. Шахтинск қаласының дене шынықтыру сауықтыру кешені базасында Қарағанды облысы колледждерінің оқытушылары мен студенттерінің аралас командалары арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.
     Бұл спартакиаданың негізгі міндеттері салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, педагогтар мен студенттер арасындағы достық байланыстарды нығайту болып табылады.
    Жарысқа Қарағанды облысы колледждерінің 1-дивизионының 8 командасы қатысты:
1.    "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК
2.    "Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК
3.    "Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі" КМҚК
4.    "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК
5.    "Bolashaq" Қарағанды жоғары колледжі" ЖМ
6.    "Қазақмыс" Корпорациясының политехникалық колледжі " ЖМ. (Балқаш)
7.    "Қарағанды банк колледжі" КМҚК
8.    "Шахтинск технологиялық колледжі" КМҚК 

Жарыс қорытындысы бойынша:
1- орын - "Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК;
2- орын - "Bolashaq "Қарағанды жоғары колледжі" ЖМ;
3- орны - "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК; 

    Жарыс нәтижесі бойынша біздің әріптесіміз Байхадамов Арман Аманұлы ең үздік байланыстырушы ойыншы атанды. Әріптестерімізді мерейтойыңызбен құттықтаймыз және жарысты тамаша ұйымдастырғаныңыз үшін алғыс айтамыз!!!

 

     В рамках 60-ти летия Шахтинского технологического колледжа 17-18.04.2024 г. на базе физкультурного оздоровительного комплекса города Шахтинска состоялась областные соревнования по волейболу среди смешанных команд преподавателей и студентов колледжей Карагандинской области.
    Основными задачами данной спартакиады являются пропаганда здорового образа жизни, привлечение к регулярным занятиям физической культурой и спортом, укрепление дружеских связей между педагогами и студентами.
    В соревнованиях приняли участие 8 команд 1 дивизиона колледжей Карагандинской области:
1.    КГКП «Темиртауский высший политехнический колледж»
2.    КГКП «Карагандинский высший политехнический колледж»
3.    КГКП «Карагандинский высший гуманитарный колледж»
4.    КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева»
5.    ЧУ "Карагандинский высший колледж «Bolashaq""
6.    ЧУ «Политехнический колледж корпорации «Казахмыс». (БАЛХАШ)
7.    КГКП «Карагандинский банковский колледж»
8.    КГКП «Шахтинский технологический колледж» 
По итогам соревнований:
1.    место - КГКП «Саранский высший гуманитарно-технический колледж имени Абая Кунанбаева» 
2.    место - ЧУ "Карагандинский высший колледж «Bolashaq""
3.    место – КГКП «Темиртауский высший политехнический колледж» и лучшим связующим был награжден грамотой Байхадамов А.А.
    Поздравляем коллег с юбилеем и благодарим за отличную организацию проведения соревнования!!!