Новости

      17.04.2024 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында орыс тілі мен мәдениеті кафедрасы Ұлы геолог, ғалымның 125 жылдығына арналған «Академик Қаныш Сәтбаев – жер қойнауының құпияларын ашқан көрнекті ғалым» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. 
      Дөңгелек үстел аясында көпшілік алдында сөз сөйлеу байқауына жоғары оқу орындарының студенттерімен және магистранттарымен қатар колледжіміздің ИЕТ-9-20 тобының студенттері Оразханұлы Серікбол, Алдабергенов Алибек, Хуаныш Оразай, БМ-9-20 тобының студенті Шәріп Дамира қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. ИЕТ-9-20 тобының студенті Оразхан Серікбол 1-орын иеленді. Жетекшісі: Галеева Гульзира Радиковна.