Бүгін ҚТӘ-9-22 тобының ұйымдастыруымен «Әлемнің бар сұлулығы – әйел жүрегінде» атты тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш тәрбие сағаты 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында өткізіліп отыр. Іс-шараға колледж әкімшілігі, оқытушылар, студенттер және де топ студенттерінің ата-аналары шақырылды. Іс-шарада ҚТӘ-9-22 тобының студенттері дайындаған қойылымдар мен концерттік бағдарламалар және құттықтаулар көрсетілді.
Топ жетекшісі: Садыханова С.К.