Новости

    2025 жылдың 2 қазанында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні мен Ұстаздар күніне орай Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «ТжКБ жүрегі / Сердце ТиПО» атты флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында колледж студенттері оқу орны ауласында үлкен жүрек бейнесінде сапқа тұрып, бірлік пен ынтымақты білдіретін ерекше көрініс жасады. Бұл акция – ТиППО жүйесінің біртұтастығын, ұжымдастық пен достықтың символын көрсетеді.
     Осылайша, студенттер мен педагогтер кәсіби мерекемен құттықтап, ТжКБ жүйесіне деген құрмет пен сүйіспеншілігін білдірді.  
#біздіңТжКБ #нашеТиПО