Новости

     2025 жылғы 21 қарашада Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің кітапханашылары  "Зерде" клубының жоспарына сәйкес, С. Мұқановтың "Балуан-Шолақ" повесін талқылау бойынша отырыс өткізді. Клуб отырысына Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Баймағамбетова Тұрсын Мұқанқызы қатысып, "Кітап оқитын ұлт" жобасымен, байқау кезеңдерімен тағы да таныстырып, студенттерді кітап оқуға шақырды. Студенттер С.Мұқановтың "Балуан Шолақ" повесінің эпизодтарын талдап, талқылады.

    Жауаптылар: кітапхана меңгерушісі Сулейменова А. Ж., кітапханашылар Конурова Г.К., Жаяубаева Л. Д.