Новости

    15.10.25.ж.Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақхана қабырғасында студенттердің бос уақытын мәнді де сәнді өткізуіне, өнері мен көңіл -күйін еркін білдіруіне мүмкіндік беретін "Дискотека залының" ашылу салтанаты болды.
    Бұл-тек би залы емес, студенттеріміздің қуанышы мен шабытын, достық пен ырғақты, сергектік пен серпінді сәттерді ұштастыратын кеңістік.
     Колледж директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Жаяубаев "Дискотека залын"құттықтау сөзімен ашып, жатақхана меңгерушісі К.А.Омаровамен лентасын қиды.Тәрбиешілер: Елена Егорьевна мен Мейрамгүл Ақижановналар құттықтау тілектерін білдірсе, Ақбала апай шашуын шашты.
    Жаңа зал-қуаныштың мекеніне, достықтың дәнекеріне, өнердің өрісіне айналсын.