2025 жылғы 06 наурыз күні Саран қаласы полиция бөлімінің бастамасымен Саран қаласы әкімдігінің жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың жұмыс жоспарын орындау барысында «STOP граффити» кең ауқымды акциясы өткізілді.
Акцияға Саран қаласы полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы 73 қызметкер, Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері – 3 адам, Нашақорлық жөніндегі штаб төрағасы С.Ж. Бейскеев, Саран қаласы прокуратурасының прокуроры К.О. Исабеков, жергілікті атқарушы органның өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Жастар ресурстық орталығының еріктілері, «QazTehna» ЖШС қызметкерлері, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттері, Саран техникалық колледжінің студенттері, «SaranTоday» ЖШС жергілікті ақпарат құралдары белсенді қатысты.
Акция барысында қала 5 секторға бөлініп, Саран қаласының аумағын аралау жүргізілді. Есірткі заттарын жарнамалау мүмкіндігі бар 12 граффити - сурет анықталды және жойылды. Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша халыққа жадынамалар тарату бойынша іс-шаралар өткізілді.