Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

    Қазіргі уақытта "Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК-да алдын алу сипатындағы шаралар кешеніне, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықты бұзғаны үшін жазаның сөзсіз болуына көп көңіл бөлінеді.
    Ресми сайтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс бойынша бөлім құрылды, онда танысу үшін келесі құжаттар бар:

  • Комплаенс қызметі бойынша ереже;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық;

  • Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты;

  • Корпоративтік этика және мінез-құлық.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бағыттарының бірі колледжде регламенттер мен стандарттарға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну болып табылады.

    2024 жылғы 23 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында колледжде “Таза сессия” акциясы өтеді.

    Акцияның негізгі мақсаты — емтихан сессиясы кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, студенттердің білімін объективті бағалауға жағдай жасау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

    Бұл шара аясында студенттерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, емтихандардың әділ өтуін бақылау бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейтін болады. “Таза сессия” студенттердің білім сапасын арттыруға және академиялық адалдық қағидаларын нығайтуға бағытталған.