Новости

      Үстіміздегі жылдың 17 мамырында «Saryarqa» облыстық телеарнасының студиясында Қарағанды облыстық тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ойөріс» интеллектуалды телеойыны өтті.  Телеойынға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қызметкерлері Хамитов Жасұлан Тиштықұлы, Омаров Ұлан Тұрарұлы, Қуат Айтуар Амантайұлы мен Саран қаласының «Абай Құнанбаев атындағы жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің» оқытушылары Манаш Әлішер Ерболатұлы, Ыбышева Салтанат Жанабекқызы, Денеева Айгерім Рымкуловна қатысып, өзара зияткерлік, танымдық сайысқа түсті. 
    Телеойын төмендегі кезеңдерді қамтыды:
1. Таныстыру 
2. Елтаным 
3. Сөзтаным 
4. Ойтаным
    Кезеңдер бойынша ақпараттар экраннан көрсетілді. Онда «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер» тақырыптарындағы ұяшықтар ішінен сұрақтардың біреуі таңдалып, әр топ әр кезең бойынша он сұрақтан жауап берді. 
    Топ мүшелері әр ұяшыққа қойылған сурет атауын тауып, ол  туралы тарата сипаттама берді. 
Телеойынның соңғы «Ойтаным» бөлігінде колледжіміздің оқытушысы, топ жетекшісі Манаш Әлішер Ерболатұлы мен қарсылас топтың жетекшісі өзара сынға түсіп, білім жарыстырды.
Аса тартысты өткен бұл интеллектуалдық сайыста «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушыларының танымдық ой-өрістері айқын басым түсіп, жеңімпаз атанды.