College Activity Reports

Новости

 

24.01.2025 ж. «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында облыс колледждерінің мықты командаларын анықтау мақсатында, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Жұмысшы мамандығы жылына арналған «Кім мықты?» III облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиада қонақтары:

1. «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Магзиев Жумагали Диярұлына.

2. “Білім” “Жергілікті білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жамбеисова Әлия Мараловна 

3.Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Темирбулатова Алма Асхатовна.

 Бұл спартакиаданың негізгі міндеттері салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен тұрақты айналысуға тарту, педагогтар арасындағы достық байланыстарды нығайту болып табылады.

Жарысқа Қарағанды облысы колледждерінің 21 командасы қатысты.

 

Спартакиада бағдарламасы үш спорт түрінен тұрды:

1. Волейбол

2. Үстел теннисі

3. Тоғызқұмалақ

 

Жарыста төрешілік атқарған:

Волейбол.

 Төреші: Уразбеков Жомарт Сейтказинович

Үстел теннис. 

 Төреші: Баймолдин Ардан Өмиртаевич.

Тоғызқұмалақ.

Төреші: Игманов Ринат 

Бас төреші: Жаяубаев Жанбол Карымсакович

 

Жарыс қорытындысы:

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша:

3 орын – «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және 20 000 тенгемен марапатталды 

2 орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және 30 000 тенгемен марапатталды

1 орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК және 10 000 тенгемен марапатталды

 

Волейбол ойыны бойынша:

3 орын - «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және 30 000 тенгемен марапатталды

2 орын – «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК және 20 000 тенгемен марапатталды 

1 орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК және 30 000 тенгемен марапатталды 

 

Үстел теннисі бойынша:

3 орын – «Түзеу мекемесінің жанындағы № 1 колледжі» КММ және 10 000 тенгемен марапатталды 

2 орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК және 20 000 тенгемен марапатталды 

1 орын – «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК және 30 000 тенгемен марапатталды 

 

Жалпы командалық есеп бойынша:

3 орын – «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және 60 000 тенгеге сертификат берілді.

2 орын – «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК 80 000 тенгеге сертификат берілді.

1 орын – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК және 100 000 тенгеге сертификат берілді

 

Жарыстың әр түрінде жеңімпаз командалары (I,II,III орындар) кубок, медаль, грамоталар мен марапатталды. 

 

 Қарағанды облысының колледж оқытушылары арасында «Кім мықты?» ІІІ облыстық спартакиаданың қолдаушылары «Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ @bilim_kasipodagy, «Білім» білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ @profcozuy_obrazovanie және Саран қаласының білім бөлімі, Абай атыңдағы мектеп, №17 мектеп-гимназияның, спорт залын ұсынып, демеушілік қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз.