Новости

   “Біртұтас тәрбие” аясында, Республика күніне орай Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары
гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттері арасында «Дебют» шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға І курс студенттері (сонымен қатар ІІ курсқа толықтыруға келген студенттер) қатысты.

    Байқаудың мақсаты:
- дарынды және талантты студенттерді анықтау және қолдау;
- білім алушылардың шығармашылыққа, сұлулыққа, өнерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
- өнерге көркемдік-эстетикалық қатынасты тәрбиелеу;
- танымдық қызығушылықтарды ынталандыру;
- өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуде мәдениет мекемелерінің мүмкіндіктерін насихаттау.
     Байқаудың негізгі міндеттері:
- білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жүзеге асыру;
- шығармашылық әлеуетті дамыту;
- студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін ашу;
- студенттердің көркемдік қабілеттерін дамыту;
- қалалық және облыстық байқаулар мен фестивальдарда колледжді таныстыратын лайықты өкілді дайындау.

    Байқауға ұйымдастыру комитетінің құрамына: музыка ПЦК-ның оқытушылары, кіреді.
Абжатов К.Х., Григорьев И.А., Шаймурат С..

    Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
- Ән (классикалық, халықтық, эстрадалық және т. б.);
-Би (классикалық, халықтық, бал билері, эстрадалық, спорттық би және т. б.);
- Шығармашылық нөмір (аспаптарда ойнау, пародия өнері, өлең шығару шеберлігі, гимнастика, жекпе-жек өнері, акробатика, өзіндік жанр, цирк, дрессура, сән театры, фокустар және сіздің қиялыңыздағы т. б. өнер);
- Көркем сөз өнері (поэтикалық үзінділер, өлеңдер).

   Байқау екі кезеңде өткізілді:
Бірінші кезең: қазылар алқасы мүшелерінің нөмірлерді көруі –
9 қазанда өтті.

Екінші кезең: Гала-концерт – 16 қазан өтті.
    Гала-концерт бүкіл байқаудың қорытындысы болып табылады.  Қатысушылар әр номинация бойынша I, II, III дәрежелі дипломдармен, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.