Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

WorldSkills Чемпионаты

    WorldSkills  чемпионаты — халықаралық қаржылық емес ұйым, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің дәрежесі мен стандарттарын көтеру болып табылады.

    2017 жылдан бастап Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі WorldSkills Karagandа  «Мектепке дейінгі тәрбие», «Кіші сыныптарды оқыту»  бойынша құзыреттілік орталығы КМҚК ретінде  аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуде.

    Колледж әкімшілігі мен оқытушылары аймақаралық чемпионатты өткізу орнын дайындау жөніндегі жұмысқа белсенді қатысады, өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, чемпионат қағидаларын (А, Б, С) және әдеп кодексін басшылыққа ала отырып, орталықтың жұмыс жоспарын, чемпионатты өткізу туралы ережені әзірлейді.

    2020 жылы  Шаповалова Н.П., Зейнетоллина Ү.К. Челябинск қаласында "Кіші сыныптарда оқыту" құзыреттілігі бойынша «WorldSkills» Russia «Жұмысшы мамандықтар чемпионатына педагогикалық колледж студенттерін даярлау әдістемесі мен практикасы" тақырыбында тағылымдамадан өтті. Зейнетоллина Ү.К, Шаповалова Н.П., Муфталова А.Қ., Қоранова А.М., Копишева А.Д., Маженова С.С., Идирисова М.А., Федулова В.П. , Баймбетова А.Т., Толегенова И.К., Городецкая О.С, Горбатова Ю.В. "Кәсіпқор Холдингі" КЕАҚ ұйымдастырған "WorldSkills стандарттары бойынша өңірлік чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Аймақаралық чемпионатқа Зейнетоллина Ү.К. Қоранова А.М., Копишева А.Д., Федулова В.П.Баймбетова А.Т. және Ұлттық чемпионатқа «Кіші сыныпты оқыту» 2019 ж. Астана қаласы, 2021ж. Көкшетау қаласы, Зейнетоллина Ү.К. 2021 ж. Көкшетау қаласы, Идирисова М.А.бас эксперт болды.