Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

Новости

     Рамазан айы, мұсылман қауымы үшін айлардың сұлтаны болып келеді, осы бір ерекше айда біз, бар жағынан тыйылып, өзімізді рухани-моральдық жағынан дамытып байытамыз. 
     «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында осындай бір ерекше Рамазан айында Аманат партиясы, Жастар қанаты, Жастар рухымен, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі әкімшілігінің қолдауының арқасында, Саран қаласының елге сыйлы наиб имамы Мәулен Әбілқайыр Кәсенұлымен қасиеті қара шаңырағымыз колледж қабырғасында ерекше сыр-сұхбат өтті.

      Колледж студентері өзінің көкейтесті сұрақтарына жауап алып, өздерін жан-жақты байыта алды. Сонымен қатар, бүгін барша колледж оқытушылары мен студентеріне арнап қасиеті мешітімізде ауызашар жасап, барша халыққа сыйластығын білдірген мешіттің қызметкерлеріне алғысымыз шексіз!!!