Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

Новости

       Бүгін 27 ақпанда, түнгі сағат 21.30да колледж жатақханасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Ж.К. ұйымдастыруымен студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлық, лудомания сынды теріс әрекеттердің  алдын алу мақсатында жатақхана тұрғындарымен кездесу өтті.  
      Бұдан басқа қазіргі таңдағы күрделі мәселелерге тоқталып, түсіндіру, ескерту, тыйым салу жолдарын айтты. Студенттердің жатақханаға алкогольдік және тыйым салынған заттарды алып келмеуін, бөгде адамдардың кірмеуін қатаң бақылау бағытында және Республикамыздың өңірлеріндегі студенттер қатысуымен жатақханаларда орын алған қайғылы жайдайларды  болдырмау және алдын алу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.