Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі

    2013-2014 оқу жылынан бастап колледж жанынан жазғы сауықтыру лингвистикалық лагерлері жұмысын жалғастыруда. 2017-2018 оқу жылынан бастап колледж оқытушылары Салышева Салтанат Жаңабекқызы және Мәженова Салтанат Сәдуақасқызы қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру және бастауыш сынып оқушыларының елтану білімін тереңдету мақсатында ашылған "Қазына" лингвистикалық лагерінде жұмыс жүргізуде. 
    2017-2018 оқу жылында қазақ тілін оқыту бағыты бойынша "Қазына" лингвистикалық лагеріне қатысушылардың саны 47 баланы құрады, 2018-2019 жылдары мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндер саны 100 пайызға артып, 5 пен 12 жас аралығындағы 91 баланы қабылдады, оның ішінде №17 – 37 мектептен, №4 - 19 мектептен, №6 - 14 мектептен, 9 мектептен," бақыт "және" балғын " бөбекжай-бақшасынан 5 жастағы 11 бала қатысты.

    Жоспар бойынша «Қазына» лингвистикалық лагері өз жұмысын жалғастырды. Әртүрлі онлайн тапсырмалар, асфальта суреттер салу,  мәнерлеп оқу, қозғалмалы ойындар, логикалық ойындар: «Кім жылдам», «Тез, ойлан, тап», «Аялы алақан»,  «Челлендж» тапсырмалары орындалды. Сондай-ақ, ата-аналар да  атсалысты.

    Инстаграмм бағдарламасында челлендж би өнерінен,  сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының мерейтойына байланысты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.

Лагерь өзгеше, әрі тартымды болды.   Онлайн форматта инстаграмм бағдарламасын жүргізіп, өткізілген іс-шараларды монтаждап, видео жасалынып, кері байланыс орнатылып отырды.

   Машықтанушы студенттер мен мектеп оқушыларына жазғы лингвистикалық лагерь ұнағаны соншалықты, лагерьдің жабылуы кезінде балалар тәлімгерлерін қимай қоштасты.  Ата-аналар тарапынан колледж әкімшілігіне алғыстарын  жаудырып, келесі лагерь жұмысын асыға күтетіндіктерін жеткізді.

 

 Әдіскерлер: Ыбышева С. Ж., Маженова С.С

    2022-2023 оқу жылы бойынша «Қазына» лингвистикалық лагерінде 70-тен аса тәрбиеленушылер болды    

    Жазғы лингвистикалық лагерьге қатысушылар жоспарланған жоспар бойынша түрлі ойын-тренингтерге қатысып, әндер орындап, викториналық ойындар ойналып, ертегілерден қойылымдар сахналандырылды. Іс-шара соңында  лагерь қатысушыларына сыйлықтар мен мараппаттау қағаздарымен ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

 

 

 Жетекшілері: Төлегенова И.Қ. мен Маженова С.С.