College Activity Reports
2025 жыл Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланған болатын. Қарағанды — еліміздің индустриялық жүрегі болғандықтан, бұл жылды қорытындылау аймақ үшін ерекше маңызға ие.
Е.А. Бөкетов атындағы Ұлттық зерттеу университеті қабырғасында «Жұмысшы мамандықтары жылы» жабылу салтанаты өтуде. Жабылу салтанаты аясында кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздарына ерекше көңіл бөлінді. Биыл облыс бойынша 46 құзыреттілік (құрылыс, IT, дәнекерлеу ісі және т.б.) бойынша үздіктер анықталды.
Осы іс-шара барысында Қарағанды облысы білім басқармасының марапаттауымен колледжіміздің оқытушылары Корчагина Екатерина Игоревна мен Сарбасова Сауле Ергазыевна дайындаған студенттерімен бірге марапаттарға және ақшалай сертификаттарға ие болды.
Салтанатты жиында техникалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттері мен ірі кәсіпорын өкілдері бас қосты. Бұл — жұмысшы мамандығының беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Биылғы жылдың Қарағанды үшін негізгі нәтижелері Қарағанды облысы осы жыл ішінде бірнеше маңызды жетістікке қол жеткізді: мамандықтары бойынша гранттар саны 1 100-ден астам орынға көбейді. Облыстағы 50-ден астам колледж ірі өндіріс орындарымен («Qarmet», «Kazakhmys») тікелей келісімшарт жасасты.
Жұмысшы мамандықтары жылының жабылуы — бұл жұмыстың аяқталуы емес, керісінше, еңбек адамының мәртебесін жаңа деңгейге көтерудің бастамасы. Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтарын насихаттау 2026 жылы да жалғасады. Мемлекет тарапынан колледж студенттерінің стипендиясын арттыру және жас мамандарды баспанамен қамту бағдарламалары қарастырылуда.

sgtk2020@gmail.com