College Activity Reports
Алғыс айту күніне орай "Креатив" вокалдық аспаптық ансамблі колледж түлектері оқытушылар мен студенттерге арнап ерекше концерт өткізді!
Бұл концерт — алғыс айтудың ең әдемі жолы. Түлектеріміздің өнерін тамашалай отырып, біз бір-бірімізге деген ризашылығымызды білдірдік. Қойылған керемет композициялар мен әндер барлығымыздың жүрегімізді жылытып, барша ұстаздар мен студенттерге шынайы алғыс сезімін сыйлады.
Алғыс айту күні — біздің қоғамдағы бірліктің, құрметтің және ынтымақтастықтың символы. Осындай шараларға қатысып, оның мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз!
Баршаңызға шығармашылық табыс, қуаныш және жақсы көңіл-күй тілейміз!
«Креатив» тобының колледж түлектері:
Бабаков Жанболат
Исатай Заманай
Аскеев Дастан
Мустафин Азамат
Түлектер болса осындай болсын, алғыс айту күніне өз алғыстарын концертпен жеткізді.