Новости

    Колледжімізде көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Сіздер үшін, махаббатпен!» атты мерекелік іс-шара өтті.

    Мерекелік іс-шараға колледж әкімшілігі қатысып, ардақты аналар мен қыз-келіншектерді, нәзік жанды студенттерді төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, олардың тек отбасының ұйытқысы ғана емес, бүкіл қоғамды алға сүйрейтін, елдің бірлігін күшейтетін, берекесін молайтатын қуатты қозғаушы күш екенін жеткізіп, ізгі лебізін білдірді.

    Іс-шара барысында колледжімізде табысты еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы сахна төрінен көрініп, мерекелік кеш одан әрі Қали Байжанов атындағы концерттік ұжымның әртістері дайындаған, нәзік жандылардың құрметіне арнаған концертке ұласты.

   Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға келген барлық қатысушыларға гүл шоқтары ұсынылып, ардақты аналар мен қыз-келіншектер, нәзік жанды студенттер құрметке бөленді.