Saran Higher College of Humanities and Technology named after Abai Kunanbayev

Новости

     Ақпан айының 15-інде «Қазақтілі мен әдебиеті пәндері» апталығының аясында аталған пәндер оқытушылары Алимжанова Н.С. мен Ыбышева С.Ж. ұйымдастыруымен білім алушылардың Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин жөнінде алған білімдерін кеңейту, ана тілді құрметтеу, отансүйгіштік сезімді бойларына қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Онда студенттер кешке арнайы шақырылған «Абай атындағы ЖББМ» КМҚК 9-сынып оқушыларымен бірлесе, 3 арыстың өнегелі өмірлері мен шығармашылықтары туралы өзара ой бөлісіп, өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, әндерін шырқады, өздерінің ақындарға деген ерекше құрметтерін білдіріп, ақындарға арнау жырларын арнады.