Новости

      Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ лигасының ​«Жеңіс» фракциясы Қарағанды облысының білім басқармасының 2024 5-24 ақпан аралығында колледж студенттері арасында қалалық пікір-сайыс турниріне қатысты. Олар қала колледждерінен келген 12 фракциясымен бақ сынасып, өз пікірлерін ортаға салып, шығармашылықтарын көрсете отырып, білімдерін шыңдады. Фракцияның 1 спикері Ерденова Айзере, 2 спикері Арыстанбек Сымбат болды.
      Нәтижесінде: Жеңіс фракциясы сертификатпен марапатталды. «Ойында қас болсақ та, өмірде дос болайық» деп, фракциялар қол алысып, ойын аяқталды.
      Жетекшісі: қоғамдық пәндер оқытушысы: Рахимбаева А.С.