Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

        Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қоғамдық және жаратылыстану пәндер бірлестігі» декадасы аясында «Саран қаласына-70 жыл» атты мерейтойына арнап, 14 ақпанда «Тарихи тұлғалар» қалалық конференциясы өтті.  

          Мұнда №17 мектеп гимназиясының оқушылары, Абай атындағы №4 мектеп оқушылары және Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің БМ, МД топтарының студенттері қатысып, өздерінің зерттеп келген жұмыстарын көрсетіп, ой бөлісті. Олар Саран қаласының ең алғашқы ұстазы- Андрей Иосифович Куленко, Саран өлкесінің тау-кен өндірісінің дереккөзі- Н.А.Ушаков, білікті басшы, тәжірибелі тәлімгер – Лян Тамара Моисеевна, т.с.с. Саран қаласының құрметті азаматтары туралы айтты.

   Конференцияның мақсаты: осы 70 жыл ішінде Саран қаласының дамуына өз үлесін қосқан азаматтардың сіңірген еңбегімен танысу болғандықтан, конференцияға қатысушылар конференцияға дайындалу барысында өздерінің білмегендерін білгендеріне разы болып қайтты. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен кішігірім сыйлықтар табысталды.