Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

       Ақпан айының 14-інде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері» апталығының аясында аталған пәндер оқытушылары Күленбаева А.И. мен Ыбышева С.Ж. ұйымдастыруымен студенттердің сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында 1-курстар арасында «Сауаттылық сарайы» атты жазба жұмысы байқауы өткізілді. 186 сөзден тұратын «Домбыра» тақырыбындағы диктанттың нәтижесінде орфографиялық, грамматикалық, пунктуациялық сауаттылығын танытқан 3 студент жүлделі орындарды иеленді, атап айтқанда БМ-9-23 тобының студенттері Серикова Жанерке І дәрежелі дипломмен, Қартбай Тоқжан ІІ дәрежелі дипломмен, Жакупова Арайлым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.