Новости

    31.01.2024 ж.15. 30 мәжіліс залында "2023-2024 оқу жылының 1 – семестріндегі оқу қызметі туралы есеп" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Бұл педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
    1. 2023-2024 оқу жылының 1 – семестрінің қорытындысы бойынша үлгерім және білім сапасы есебі. ОІЖ орынбасары А. К. Мүфталова.

     2. Бос бюджеттік орынға ауыстыру және аударымдар бойынша есеп. Бөлім меңгерушілері: Н. Б. Рудневская, А. Д. Кунедилова, Қ.С. Рымбеков, О. Т. Дубровская

    3. Колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзатын және құқық бұзушылық жасайтын студенттермен жұмыс кезеңдері.

ТЖ жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Жаяубаев және колледж психологы. Е. О. Козлова.

    4. Әр түрлі.

    Кеңестің күн тәртібіндегі көрсетілген есептер бойынша сұрақтар қойылып, әртүрлі пікірлер ортаға қойылды. Педагогикалық кеңес соңында мындадай шешімдер қабылданды:

    1. Жұмысқа орналастыруды толық қамту мақсатында педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын 4 курс студенттерінің арнайы пәндер бойынша біліктілік тестін дайындауды күшейту.  Мерзімі: оқу жылының соңына дейін. Жауапты: ПЦК басшылары, арнайы пәндер оқытушылары.
    2. Спорт саласындағы педшеберлік конкурсының республикалық кезеңіне дайындықты күшейту. Жауапты: ПЦК басшылары, ОМО жетекшісі Жаяубаев Ж.Қ.
    3. Студенттер мен оқытушылардың ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу деңгейін арттыру мақсатында студенттер мен оқытушыларды ғылыми-зерттеу жобаларына тарту бойынша шаралар кешенін әзірлеу. Жауапты: ПЦК басшылары. Әдіскер Кашина Е. А.
   4. Оқытушылардың БАҚ беттерінде мақалалар жариялау белсенділігін күшейту. Жауапты: ПЦК басшылары. Әдіскер Кашина Е. А. 

    5. Контингентті сақтау мақсатында үлгермегендермен жұмыс істеу және студенттердің оқу процесіне деген ынтасын арттыру жөніндегі шаралар кешенін қарастыру. Жауапты: топ жетекшілері, бөлім меңгерушілері