Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

       Бүгін 15-ақпан күні Шымкент қаласындағы,Жаңа Оқушылар сарайында Мұқағали Мақатаевтың 93- жылдық мерейтойына байланысты Республикалық “Мұзбалақ-Мұқағали”атты поэзия әлемі көркемсөз, мәнерлеп оқу жарысы өтті. Жарысқа барлығы - 300 қатысушы қатысты! Сол қатысушылардың арасынан 2-орынға Еркебұлан Ислам мен Марат Алтынай ие болды! Жетекшісі: А.К.Муфталова
     АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 93 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯ ФЕСТИВАЛІНІҢ МАҚСАТЫ: Республиканың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау; Республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының
оқушыларының шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын шыңдау; Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің қасиеті мен қуатын жанымен сезініп, жүрекпен түсіне білуге, ой-пікірін еркін жеткізе білуге баулу.

     Жеңімпаздарды және жетекшісі Муфталова Аққу Құсайынқызын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын, Қарағанды!