Новости

      2024 жылдың 23 ақпанында  академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында  өткен “Менің арманым”  атты жастар бизнес-жобасы байқауына қатысып, 12 команда арасынан ІІ дәрежелі дипломмен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық  колледжінің “ SARAN JASTARY” командасы марапатталды. Сайысқа қатысқан студенттер "Enactus Kazakhstan" бағдарламасы бойынша қаңтар айында Алматы қаласына оқуға барған.