Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

       29 наурыз күні «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК-да «Жұмыс берушілер күні» өтті. Колледждер мен жұмыс берушілер ынтымақтастығының басым бағыты академиялық дербестік шеңберінде бағдарламалардың мазмұны мен оқу мерзімдерін анықтауға мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын бірлесіп әзірлеу болып табылады.

      Іс-шара дөңгелек үстел және диалог алаңы форматында өтті. Кездесудің басты мақсаты болашақ мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелерді талқылау болды. Дөңгелек үстел барысында колледж директоры А.А. Темірболатова, «Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы» Саран қаласындағы филиалының директоры, колледждің Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары О. В. Кравченко, Саран қаласының Мансап орталығының бас маманы Т. В. Боднар сөз сөйледі. «Жұмыс берушілер күніне» «KamaTyresKZ» ЖШС, «ISO Plus Орталық Азия» ЖШС, «АГРОДОР» ЖШС, «СКЭП» ЖШС, «Sigma Corporation» ЖШС сияқты кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларының білім бөлімдерінің өкілдері қатысты. Барлығы 39 жұмыс беруші қатысты. Кездесу жемісті өтті, жұмыс берушілер кәсіпорындарда практикадан өту кезінде студенттердің дайындығына риза болды. Түлектер жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар алды.

 

        29 марта 2024г  в КГКП «Саранском высшем гуманитарно-техническом колледже имени Абая Кунанбаева» прошел "День работодателей". Приоритетным направлением сотрудничества колледжей и работодателей является совместная разработка образовательных программ,  профессиональных стандартов, стандартов WorldSkills в рамках академической самостоятельности, что позволяет определить содержание программ и сроки обучения.

      Мероприятие прошло в формате круглого стола и диалоговой площадки, целью встречи является обсуждение актуальных проблем в подготовке будущих специалистов. Во время круглого стола выступили  директор колледжа Темирбулатова А. А. , директор филиала" Палаты предпринимателей Карагандинской области " в г. Сарани, заместитель председателя попечительского совета колледжа Кравченко О. В., главный специалист Центра карьеры г. Сарани Боднар Т. В.  Во второй части мероприятия работодатели и выпускники колледжа встретились и провели переговоры по трудоустройству на вакантные места.  На «Дне работодателей» приняли участие руководители и представители таких предприятии, как ТОО «KamaTyresKZ», ТОО «ISO Plus Центральная Азия», ТОО «АГРОДОР», ТОО «СКЭП», ТОО «Sigma Corporation», а также представители отделов образования города Шахтинска, Темиртау, Караганды. Всего 39 работодателей. Встреча прошла плодотворно, работодатели были довольны подготовкой студентов во время прохождения практики на предприятиях. Выпускники получили предложения по трудоустройству.