Новости

     Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ДТ-9-22 студенттері Алмаз Досалиев пен Рахимбек Төлебидің ұйымдастыруымен Саран қалалық мешітінде 3 отбасыға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді. Қасиетті Рамазан айында жасалған игі шараға Саран мешітінің наиб имамы мен жамағаттар және басқа да студенттер ат салысты. Ұлық айда қайырлы іске себепкер болған студенттерге мешіт ақсақалы Сайлаубай қажы батасын берді. Жастардың қолға алған қайырымды шаралары басқа да студенттерге үлгі болары анық.