Саранский высший гуманитарно технический колледж имени Абая Кунанбаева

Новости

        Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ақпан айының 21-інде «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК базасында педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа  катысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша кәсіптік шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Әр өңірден келген оқытушылар бұл байқауда тәжірибелік 3 модуль, «Мен және коғам», «Әдістемелік жоба», «Мультимедиялық технологиялар» модульдері бойынша өз біліктіліктерін танытты.

    Байқаудың «Мен және коғам» аталатын 3-минуттық бейнеролик көрсету модулінде  оқытушылар кәсіби педагогикалық еңбек жолдарының мазмұнын, өздерінің педагогикалық қызметтеріндегі нақты қайырымдылық істерін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру ерекшеліктерін, кәсіби педагогикалық құндылықтарды, мақсат-мұраттарын және оларды оқытушылық қызметтерінде жүзеге асыру тәсілдерін көрсетті.

   Келесі «Әдістемелік жоба» модулі бойынша конкурсқа қатысушылар өздерінің заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін, оқыту әдістері мен құралдарын, сабақ түрлерін ашатын белгілі бір тақырып бойынша әдістемелік әзірлемелерін таныстырды.

     Оқытушылар конкурстың 3-кезеңі, «Мультимедиялық технологиялар» модулінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, офлайн форматта белгілі бір тақырып бойынша мультимедиялық (интерактивті) презентация жасап, заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерімен өз жұмыстарын қорғады, мұнда педагогтер компьютерлік сауаттылықтан өздерінің іскерліктері мен дағдыларын көрсете білді және әділқазылар мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

      Педагогтердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандырған бұл конкурста педагогтердің кәсіби әлеуеттері анықталып, окыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандары, әдістері, құралдары көрсетіліп,  кәсіби - педагогикалық және әдістемелік қызметтері, олардың тиімділіктері сараланып, үздік оқытушылардың білім беру үдерісі үшін құнды тәжірибелері сарапқа салынды.

     Қазылар алқасы конкурсқа қатысқан 10 педагогтің көрсеткен еңбектерінің нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. ТжКОББ ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсында Бас жүлдені «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК математика пәнінің оқытушысы Лопатко Ирина Георгиевна, І дәрежелі дипломды «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әбілмәжін Айдын Аманжолұлы, ІІ дәрежелі дипломды «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК физика пәнінің оқытушысы Джакупова  Молдир Сериковна, ІІІ дәрежелі дипломды «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Байсаринова Толкын Абаевна иеленді.

      Педагогикалық мамандықтар бойынша өзара сынға түскен арнайы пән оқытушыларының да кәсіби шеберліктері сараланды, онда Бас жүлдені иеленгені үшін «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагогика және психология  пәнінің оқытушысы Маженова Салтанат СадвакасовнаІ орын иеленгені үшін «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК мектепке дейінгі педагогика, психология  пәнінің  оқытушысы Идрисова Меруерт Абильтаевна, ІІ орын иеленгені үшін «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі  пәнінің  оқытушысы Абильдина  Бекзат Қуатовна, ІІІ орын иеленгені үшін «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ арнайы пәндер  оқытушысы Тастурсинова Умида Ортикбойкызы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

        Конкурстың барлық қатысушыларына байқауға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.

      Байқаудың нәтижесінде ТжКОББ оқытушыларының әлеуметтік қоғамдағы өзінің кәсіби қызметіне педагогикалық бақылау мен талдау жүргізу қабілеттері, педагогтердің әдістемелік әлеуеті мен кәсіби құзіреттіліктері бағаланып, заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін игеру және қолдану іскерліктері айқындалды.